«Дарын» республикалық гылыми-практикалық орталығы Атырау облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2025 жылғы 8-10 қазан аралығында, қазақ халқының біртуар тұлғасы, батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған республикалық байқау өткізді.
Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу; «Ел құтқарар ер едім…» – ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындар сайысы; «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
Павлодар облысынан республикалық додаға 5 оқушы қатысты:
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қорытындысында:
ІІ дәрежелі дипломға жас ақындар бағытында Ертіс ауданы №2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Хайрат Айзере ие болды.
ІІІ дәрежелі дипломдармен Ақсу қаласы Жамбыл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бэрхболұлы Нұрбол (ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу бағытында) және Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 9-сынып оқушысы Каримова Дильнур (Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу бағытында) марапатталды.
«Дарын» РҒПО-ның алғыс хатымен Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Мағамет Аяжан. марапатталды.
Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табысталды. Республикалық байқау қатысушыларына Атыраудын көрнекі жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

