Ертіс ауданы білім беру бөлімі «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Иса  Байзаковтың 125-жылдығына орай жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында облыстық «Иса оқулары» байқауын ақынның туған жері Ертіс ауданы,  Үлгілі ауылындағы Иса Байзаков атындағы мектебінің негізінде 2025 жылғы 3 қазан  күні өткізді. «Иса оқуларына» қала, аудан және мамандандырылған мектептерден 50 оқушы қатысты. Шараны бастамас бұрын ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Иса оқуларының мақсаттары мен міндеттері:

мектеп оқушылары арасында Иса Байзаковтың шығармашылығын насихаттау; өскелең ұрпақты әйгілі ақынның мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту.

 Оқулар жалпы өткізу Ережелері бойынша төрт бағыт бойынша  өткізілді :

«Еркін күшпен өрлеймін, Өмірім ұзақ — өлмеймін….» — Иса Байзаковтың шығармаларын жатқа айту конкурсы. Ақынның шығармаларын ең көп жаттап келген  Қарақұдық орта мектебінің оқушысы   Жасқайрат Данэль 1 орынға лайық болып жеңімпаз атанды.

2 орын – Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Дюсембаев Нурали; Железин ауданы Екішоқ негізгі мектебінің 7 сынып оқушыс Мұхтар Гүлзада;

 3 орын – № 4 Ертіс ЖОББМ 5 сынып оқушысы Шнайдер Анатолий; Ақсу ауданы Еңбек ЖОББМ 5 сынып оқушысы Жумабаев Алиамин; Ертіс ауданы Иса Байзаков атындағы ЖОББМ 5 сынып оқушысы Нұрке Томирис; Успен ауданы Қаратай ЖОББМ 8 сынып оқушысы Ораз Аяулым.

 «Ән қанатында» — Исаның әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсында 1 орынға ие болған,  ерекше көзге түскен № 3 Ертіс ЖОББ мектебінің  5 сынып оқушысы Хунтузиди Мария; 2 орын – № 4 Ертіс орта мектебінің 6 сынып оқушысы Киюбаева Жансая; 3 орын – Ертіс ауданы Панфилов ЖОББМ 8 сынып оқушысы Орынберген Салауат.

« Бұл жырды мен жырламай кім жырлайды» — жас дарындар шығармашылық конкурсы (өз шығармаларын орындау және сахналық қойылымдар)  1 орын — № 4 Ертіс ЖОББМ 9 сынып оқушысы Бахытжан Гаусар;  2 орын – Шарбақты ауданы Шегірген мектебінің 9 оқушысы Дандий Айнара; Иса Байзаков атындағы 8 сынып оқушысы Ахметбекова Саялы;

 3 орын — № 3 Ертіс ЖОББМ мектебінің 8 оқушысы Журсунова Ақбота; Павлодар қаласының № 33 ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушысы Сапарғали Шұғыла, № 1 Ертіс ЖОББМ 7 сынып оқушысы Жабаев Бахтияр.

Дәл осы бағытта сахналық қойлымдар арасында 1 орын – Железин ауданы Екішоқ НЖББ мектебінің 8 сынып оқушылары Мукатаев Ильяс және Вахит Айнара; 2 орын – Ертіс ауданы Ш.Уәлиханов атындағы мектебінің шығармашылық тобы; 3 орын – Иса Байзаков ЖОББМ.

«Жас  исатанушылар»  — Иса ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми жоба ұсынып, қорғау. Бұл  бағытта

1 орын — № 2 Ертіс орта  мектебінің 7 сынып оқушысы  Арысан Ерасыл;

2орын – № 3 Ертіс ЖОББМ 8 сынып оқушысы Саталганов Кәрім; Қызылқақ ЖОББМ 9 сынып оқушысы Усина Жансұлу;

3 орын – Ақсу ауданы Айнакөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Самиға Ақерке; №2 Ертіс ЖОББ мектебінің 8 сынып оқушысы Жанкелдіқызы Райан.

Барлық жеңімпаздар Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІғ ІІІ дәрежелі дипломдары мен және Құрмет грамоталарымен  марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!