Философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2026 жылғы 14 мамырда Павлодар облысы Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыка мектебінде республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өткізілді.
Шығармашыл жас өрендер додасын Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қорының қолдауымен алтыншы рет республикалық деңгейде өткізіп жатыр.
Қазылар алқасының құрамына Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпақтары, республиканың көрнекті машһүртанушылары, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Торайғыров Университетінің, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің филология ғылымдарының доторлары мен кандидаттары кірді.
Сайысқа 13 облыстан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай Ұлттық және Республикалық физика-математика мектептерінен 85 үміткер қатысты.
Қазылар алқасының шешімі негізінде 43 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 5, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 23.
Байқау барысында қатысушылары мен жетекшілерге Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне бару ұйымдастырылды. Оқушылар мен жетекшілер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының музейін тамашалады.
Шара қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды және 5 жеңімпазға Мәшһүр Жүсіп ұрпақтарынан 50 мың ақшалай сыйлық берілді.
VІ Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі.
| № | Қатысушының тегі, аты | Облысы | Мектеп атауы | Сыныбы | Орын |
| 1 | Әділбекұлы Досжан | Абай облысы | Қ. Сәтпаев атындағы Жәнтікей мектебі | 11 | І |
| 2 | Әбдікәрім Рабиға | Астана қаласы | «Республикалық физика-математика мектебі» | 9 | І |
| 3 | Барат Аружан | Түркістан облысы | № 6 Ж. Аймауытов атындағы мектебі | 10 | І |
| 4 | Халбай Махбуба | Түркістан облысы | Суындық мектебі | 9 | І |
| 5 | Айбек Ақерке | Абай облысы | №31 мектебі | 10 | І |
| 6 | Жарқынбекұлы Ерсұлтан | Алматы қаласы | «Жаңа ғасыр» №175 гимназия | 10 | ІІ |
| 7 | Махсұтқанова Айғаным | Астана қаласы | Астана қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы | 11 | ІІ |
| 8 | Сарсенбай Нұрсәт | Павлодар облысы | Ақсу қ., Ы. Алтынсарин атындағы мектебі | 10 | ІІ |
| 9 | Дүйсенбек Алихан | Жетісу облысы | Талыдқорған қаласы, Б.Сырттанұлы атындағы №25 мектебі | 10 | ІІ |
| 10 | Жуман Аружан | Алматы қаласы, | » Абай Ұлттық мектебі» | 10 | ІІ |
| 11 | Серік Алтынай | Қарағанды облысы | «Ж.Ақылбаев атындағы мектебі | 8 | ІІ |
| 12 | Фермахан Медина | Алматы қаласы | №207 мектеп-лицей | 10 | ІІ |
| 13 | Жұмабай Әмина | Қызылорда облысы | С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицей | 9 | ІІ |
| 14 | Қадыр Ерболат | Павлодар облысы | Май ауданы, Көктөбе мектебі | 10 | ІІ |
| 15 | Қайсар Айзере | Жетісу облысы | Көксу ауданы, Алғабас мектебі | 9 | ІІ |
| 16 | Босқынбаева Асылым | Абай облысы | №17 жалпы мектебі | 9 | ІІ |
| 17 | Тастекей Аяулым | Алматы қаласы, | » Абай Ұлттық мектебі» | 9 | ІІ |
| 18 | Сейітжанова Айшат | Астана қаласы | Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы | 10 | ІІ |
| 19 | Оразкелді Дина | Жетісу облысы | Ескелді ауданы, Шестаков атындағы мектебі | 10 | ІІ |
| 20 | Иғлам Жанерке | Атырау облысы | Исатай ауданы Исатай мектебі | 10 | ІІ |
| 21 | Тәжітай Шапағат | Түркістан облысы | М. Әуезов мектеп | 10 | ІІІ |
| 22 | Ниетқабыл Әділбек | Маңғыстау облысы | №2 мектебі | 10 | ІІІ |
| 23 | Мұханбетсапа Жаннұр | Ақтөбе облысы | Әйтеке би ауданы, Қ.Шаңғытбаев атындағы мектебі | 9 | ІІІ |
| 24 | Төлеутайұлы Мерғазы | Қарағанды облысы | «Ж.Кеңесбаев атындағы мектебі» | 11 | ІІІ |
| 25 | Асқарбек Айбек | Алматы облысы | Тиірмен орта мектебі | 11 | ІІІ |
| 26 | Садуақас Айару | Алматы қаласы | №128 мектебі | 8 | ІІІ |
| 27 | Назирдылла Гүлмира | Маңғыстау облысы | №9 мектебі | 10 | ІІІ |
| 28 | Әзілхан Айлан | Қызылорда облысы | М.Матаева атындағы №170 мектебі | 9 | ІІІ |
| 29 | Сансызбайқызы Нұрай | Павлодар облысы | Екібастұз қ., Абай Құнанбаев атындағы №2 мектебі | 9 | ІІІ |
| 30 | Жұмабек Гүлім | Абай облысы | №50 ІТ мектеп-лицейі | 8 | ІІІ |
| 31 | Аман Ақсезім | Жамбыл облысы | Т.Рысқұлов ауданы Абай атындағы мектебі | 9 | ІІІ |
| 32 | Кенжеғараұлы Олжас | Ақтөбе облысы | Ырғыз ауданы, Ырғыз гимназиясы | 10 | ІІІ |
| 33 | Өтебекова Зарина | Абай облысы | Ю.Гагарин атындағы мектебі | 9 | ІІІ |
| 34 | Айтан Аяла | Қарағанды облысы | “Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы мектебі | 9 | ІІІ |
| 35 | Махамбет Азамат | Алматы қаласы | №152 мектеп-гимназия | 10 | ІІІ |
| 36 | Әбдімұратқызы Інжумаржан | Маңғыстау облысы | Ақшұқыр мектеп-лицейі | 9 | ІІІ |
| 37 | Елубай Зере | Павлодар облысы | Екібастұз қ., №25 мектебі | 11 | ІІІ |
| 38 | Қуанар Ақнұр | Ақтөбе облысы | Хромтау ауданы, №1 Хромтау мектебі | 10 | ІІІ |
| 39 | Жумадуллаева Еркеназ | Ұлытау облысы | «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі | 10 | ІІІ |
| 40 | Қани Ботакөз | Маңғыстау облысы | Ақшұқыр мектеп-лицейі | 9 | ІІІ |
| 41 | Бижан Нұрайым | Қызылорда облысы | М.Матаев атындағы №170 мектебі | 10 | ІІІ |
| 42 | Әбдіханова Гаухар | Ақтөбе облысы | Әйтеке би ауданы, Қ.Шаңғытбаев атындағы мектебі | 10 | ІІІ |
| 43 | Амандыққызы Аяулым | Алматы облысы | Мақатаев атындағы №13 мектебі | 11 | ІІІ |
| 44 | Молжігітов Әлібек | Алматы қаласы | » Абай Ұлттық мектебі» | 10 | Талантты жас номинациясы |
| 45 | Тлеубек Алихан | Астана қаласы | Астана қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі | 8 | «Зейінді зерттеуші» номинациясы |
| 46 | Маратова Амина | Ұлытау облысы | «№11 мектебі | 9 | «Ұлы есімді ұлықтаушы» номинациясы |
| 47 | Мамырхан Сезім | Алматы облысы | Сұңқар мектебі | 11 | «Ұлы есімді ұлықтаушы» номинациясы |
| 48 | Рамазан Ағайша | Павлодар облысы | Павлодар қ., №47 мектебі | 10 | Өзгеше ойлы ұлан номинациясы |
| 49 | Масұғұт Мөлдір | Павлодар облысы | Екібастұз қ., №21 мектебі | 11 | Өзгеше ойлы ұлан номинациясы |


