«Дарын» республикалық гылыми-практикалық орталығы Жетісу облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2026 жылғы 13-15 мамыр аралығында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауын өткізді.

Ережеге сәйкес байқау келесі бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ілияс – эпик ақын» – «Құлагер» поэмасын жұптар құрамында кезекпен жалғастыру; «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар сайысы; «Ілияс – қара сөз шебері» – көркемсөз оқу; «Сұлу сөздің сүлейі» – өлеңдерді талдау; «Заманның заңғар тұлғасы» – жазушының 1 шығармасына буктрейлер жасау.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың Бас жүлде иегері 6 оқушы қатысты.

Республикалық шара қорытындысы бойынша   4 оқушы «Дарын» РҒПО-ның   құрмет грамотамен марапатталды: Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Оразбай Аружан; Екібастұз қ. №28 Абай атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жанат Лаура; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Қайрат Алдияр; Май ауданы, Ақжар ЖОББМ 9-сынып оқушысы Досымжанова Айнара.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы