«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жыл жоспарына сәйкес 2026 жылғы 29 қыркүйекте жалпы білім беретін оқу орындарының 7-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық «Жыр алыбы — Жамбыл» жас ақындар айтысының өткізеді.
Байқау мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу, жас ақындардың суырыпсалмалық өнерін шыңдау мақсатында келесі 2 бөлім бойынша жүргізіледі: «Тақырыптық айтыс», «Қайым айтыс»
Өткізу орны: «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі (Астана к., 125).
Тіркелу уақыты – 13.30.
Басталуы: 14.00 – 16.00
Қорытынды шығару және марапаттау: 17.00
Сұраныстарды ertis_daryn_pvl@mail.kz поштасына 2026 жылғы 22
қыркүйекке дейін қабылданады

