«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 8–10 қараша күндері Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауы өткізілді.

         Республикалық байқауға еліміздің әр өңірінен 137 оқушы қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Қатысушылар «Көркемсөз оқу өнері», «Ақындар мүшәйрасы», «Шешендік өнер және сөз сайысы», «Ақындар айтысы», «Эссе және әдеби ойлау» және «Ұлттық аспапта орындау» атты 6 бағыт бойынша бақ сынады.

         Павлодар облысының намысын өңірлік кезеңнің 6 жеңімпазы қорғап, байқау қорытындысы бойынша облыс командасы ІІІ командалық орынға ие болды.

Жеке бағыттар бойынша павлодарлық оқушылар да жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді:

  • «Шешендік өнер және сөз сайысы» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Шарбақты ауданы Хмельницкий мектебінің 11-сынып оқушысы Азамат Каусар (жетекшісі – Болатбек Ш.) марапатталды.
  • «Көркемсөз оқу өнері» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломды Павлодар қаласындағы №47 мектептің 11-сынып оқушысы Хамитова Амина (жетекшісі – Асылбекова А.М.) иеленді.
  • «Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт (жетекшісі – Қожанова Н.А.) марапатталды.
  • «Ұлттық аспапта орындау» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломды дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Қорабай Әнуар (жетекшісі – Алпысбаева А.Ж.) иеленді.
  • «Ақындар айтысы» бағыты бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 10-сынып оқушысы Сапарғали Шұғыла «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды (жетекшісі – Айтқазина Н.О.).

         Байқауға қатысқан барлық оқушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Павлодар облысы командасының ІІІ командалық орын иеленуі – жас таланттардың шығармашылық әлеуетінің, ізденісі мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жүйелі дайындығының нәтижесі.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы