Павлодар облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 18 сәуірде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.

Биылғы байқау дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шығармашылық даму бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Маңызды іс-шараның басты мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Сайыс төрт бағыт бойынша өтті:

  1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…» (ақындар мүшәйрасы);
  2. «Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау);
  3. «Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу);
  4. «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (тұлғаларды сипаттау).

Конкурстың қазылар алқасы Торайғыров Университеті мен Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдарынан, қоғамдық-саяси журналының тілшілерінен және ақындардан құрастырылды.

Шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 59 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының шешімі негізінде 28 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын – 4; ІІ орын – 8, ІІІ орын – 12.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген» (ақындар мүшәйрасы) бағытында Бас жүлдені Ақсу қаласы Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тіленіш Еркебұлан; І дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Қазбек Ибраһим; ІІ дәрежелі дипломдыПавлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Жылқайдарова Сана, Ақсу қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт; ІІІ дәрежелі дипломдыПавлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 8-сынып оқушысы Амангельді Фатима, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8-сынып оқушысы Сағидолла Мансұр, «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Медіғат Кәусәр.

«Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау) бағытында Бас жүлдеге дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10-сынып оқушысы Қаббас Аяулым; І дәрежелі дипломға Шарбақты ауданы Александровка ЖОББМ 8-сынып оқушысы Базарбай Сая; ІІ дәрежелі дипломға Павлодар қаласы №38 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Оразбек Дария, Теренкөл ауданы Береговая ЖОББМ 8-сынып оқушысы Қожаш Айгерім;

ІІІ дәрежелі дипломға Ақсы қаласы Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Кудабаева Назым, Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Исабек Нұралы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Оразаева Асель ие болды.

 «Білімді зерек адам болам!» — десең…» (эссе жазу) бағытында Бас жүлдемен «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Кусаинова Мадина; І дәрежелі дипломмен Баянауыл ауданы Майқайын №2 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Берікбекқызы Рауза; ІІ дәрежелі дипломмен дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Мүсір Дәрия, Қ.Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Партияқызы Арайлым; ІІІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10-сынып оқушысы Тлебалды Інкәр, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Муратова Медина, дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Қалқаман Ильнара.

 «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (сипаттау) бағытында Бас жүлде иегері – Май ауданы Көктөбе ЖОББМ  11-сынып оқушысы Нұрқуат Айболақ; І дәрежелі дипломына дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Махан Қолқанат; ІІ дәрежелі дипломына Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Орал Гульден, Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жұматай Жансая; ІІІ дәрежелі дипломына Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Дюсембаева Диляра, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы Болатбек Арайлым, «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Тұрсынова Ажар.

Бас жүлде иегерлері республикалық кезеңге қатысады.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

 

Похожие записи