Ертіс ауданы білім беру бөлімі «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Иса Байзаковтың 125-жылдығына орай жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында облыстық «Иса оқулары» байқауын ақынның туған жері Ертіс ауданы, Үлгілі ауылындағы Иса Байзаков атындағы мектебінің негізінде 2025 жылғы 3 қазан күні өткізді. «Иса оқуларына» қала, аудан және мамандандырылған мектептерден 50 оқушы қатысты. Шараны бастамас бұрын ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Иса оқуларының мақсаттары мен міндеттері:
мектеп оқушылары арасында Иса Байзаковтың шығармашылығын насихаттау; өскелең ұрпақты әйгілі ақынның мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту.
Оқулар жалпы өткізу Ережелері бойынша төрт бағыт бойынша өткізілді :
«Еркін күшпен өрлеймін, Өмірім ұзақ — өлмеймін….» — Иса Байзаковтың шығармаларын жатқа айту конкурсы. Ақынның шығармаларын ең көп жаттап келген Қарақұдық орта мектебінің оқушысы Жасқайрат Данэль 1 орынға лайық болып жеңімпаз атанды.
2 орын – Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Дюсембаев Нурали; Железин ауданы Екішоқ негізгі мектебінің 7 сынып оқушыс Мұхтар Гүлзада;
3 орын – № 4 Ертіс ЖОББМ 5 сынып оқушысы Шнайдер Анатолий; Ақсу ауданы Еңбек ЖОББМ 5 сынып оқушысы Жумабаев Алиамин; Ертіс ауданы Иса Байзаков атындағы ЖОББМ 5 сынып оқушысы Нұрке Томирис; Успен ауданы Қаратай ЖОББМ 8 сынып оқушысы Ораз Аяулым.
«Ән қанатында» — Исаның әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсында 1 орынға ие болған, ерекше көзге түскен № 3 Ертіс ЖОББ мектебінің 5 сынып оқушысы Хунтузиди Мария; 2 орын – № 4 Ертіс орта мектебінің 6 сынып оқушысы Киюбаева Жансая; 3 орын – Ертіс ауданы Панфилов ЖОББМ 8 сынып оқушысы Орынберген Салауат.
« Бұл жырды мен жырламай кім жырлайды» — жас дарындар шығармашылық конкурсы (өз шығармаларын орындау және сахналық қойылымдар) 1 орын — № 4 Ертіс ЖОББМ 9 сынып оқушысы Бахытжан Гаусар; 2 орын – Шарбақты ауданы Шегірген мектебінің 9 оқушысы Дандий Айнара; Иса Байзаков атындағы 8 сынып оқушысы Ахметбекова Саялы;
3 орын — № 3 Ертіс ЖОББМ мектебінің 8 оқушысы Журсунова Ақбота; Павлодар қаласының № 33 ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушысы Сапарғали Шұғыла, № 1 Ертіс ЖОББМ 7 сынып оқушысы Жабаев Бахтияр.
Дәл осы бағытта сахналық қойлымдар арасында 1 орын – Железин ауданы Екішоқ НЖББ мектебінің 8 сынып оқушылары Мукатаев Ильяс және Вахит Айнара; 2 орын – Ертіс ауданы Ш.Уәлиханов атындағы мектебінің шығармашылық тобы; 3 орын – Иса Байзаков ЖОББМ.
«Жас исатанушылар» — Иса ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми жоба ұсынып, қорғау. Бұл бағытта
1 орын — № 2 Ертіс орта мектебінің 7 сынып оқушысы Арысан Ерасыл;
2орын – № 3 Ертіс ЖОББМ 8 сынып оқушысы Саталганов Кәрім; Қызылқақ ЖОББМ 9 сынып оқушысы Усина Жансұлу;
3 орын – Ақсу ауданы Айнакөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Самиға Ақерке; №2 Ертіс ЖОББ мектебінің 8 сынып оқушысы Жанкелдіқызы Райан.
Барлық жеңімпаздар Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІғ ІІІ дәрежелі дипломдары мен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


