Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі     2025 жылдың 28-29 қазан аралығында 4 тірек мектептің базасында өтеді.

Олимпиаданың басты мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, ең қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіптік бағдарлануына қолдау көрсету.

Зияткерлік сайысқа Павлодар облысының 645 ауыл оқушысы қатысуда. Қатысушылар 13 пән бойынша өз білімдерін дәстүрлі олимпиадалық тапсырмаларды, соның ішінде теориялық және тәжірибелік турларды орындау арқылы көрсетеді.