Алматы облысы білім басқармасының «Жас дарын» оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 10-12 маусым аралығында Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқуларын» өткізді.

Байқау төрт бағыт бойынша өтті: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» (ақын өлеңдерін жатқа оқу), «Жыр эстафетасы» («Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнерлеп жатқа оқу), «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» (жас ақындар), «Дариға, домбырамды берші маған».

Республикалық байқау қорытындысы бойынша Екібастұз қаласы №11 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Қасымханов Алихан ІІ орын дипломмен және 50 мың ақшалай сыйлығымен марапатталды; Ақсу қ. Ы. Алтынсарин атындағы қазақ ОМ 10-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт ІІІ орын дипломмен және 30 мың ақшалай сыйлығымен марапатталды; Аксу қ. Ы. Алтынсарин атындағы қазақ ОМ 8-сынып оқушысы Сетерғазыұлы Ақтілек алғыс хатпен және 25 мың ақшалай сыйлығымен марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы