8 (7182) 651265 8 (7182) 651210

Майдисарова Гульнар Кунапияновна

Майдисарова Гульнар Кунапияновна

1983 жылдан Павлодар облысының білім саласында қызмет етіп келеді. 1998 жылдың қаңтар айынан бастап, Павлодар  қаласының Абай атындағы №10 мектебінде математика пәні мұғалімі болып жұмыс істейді.

Оқушыларының жетістіктері

 2005-2006 оқу жылында І облыстық математикалық «Регата» сайысында Жусупов Жасұлан, Картабаев Саят ІІ орын жүлдегерлері атанды Жасұлан Грецияның Александрапули қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар сайысында ІІІ орынға ие болды.

2007-2008 оқу жылында 10 «Д» сынып оқушысы Картабаев Саят облыстық пән олимпиада 1-ші орынға ие болды, ал республикалық пән олимпиада математика пәнінен ІІІ дәрежелі диплом алып жүлдегер атанды.

2008-2009 оқу жылында өңіраралық математика бәйгесінде Павлодар облысының құрама командасы капитаны Картабаев Саят бастаған І орынға ие болып І дәрежелі дипломмен және Саят өзі өңіралық математикадан жекпе-жек бәйгесінде І орынға ие болып І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2008-2009 оқу жылында облыстық математика-физика пәндері бойынша өткен (7-8 сынып) сайыста Бөжебаев Марат пен Жунусов Қуаныш қатысып мектептің құрама командасы 1-ші орынға ие болды.

2008 жылы желтоқсанның 14-де өткен Омск қаласындағы Кукин атындағы математикалық олимпиадада 8 сынып оқушысы Жунусов Қуаныш ІІІ орынға ие болды.

2008-2009 оқу жылында Картабаев Саят математика пәнінен VIII Математикалық «Шелковый путь» олимпиадасында ІІ орынға, облыстық пән олимпиадасында І орынға ие болды.

Дата: 15-08-2017 03:29 Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"