8 (7182) 555058 8 (7182) 551038
««Myń bala» Ұлттық олимпиада»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
21-02-2020 17:58
«Myń bala» Ұлттық олимпиада

Білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 24 ақпанынан бастап еліміздің ауыл мектебі 5-6 сынып оқушыларының арасында «Myń bala» Ұлттық олимпиадасы өтетінін хабарлайды. Олимпиаданың бас ұйымдастырушысы – «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады: сырттай және тікелей. I кезең – сырттай (24 ақпан - 10 наурыз, 2020 ж.) Алғашқы кезеңде қатысушылар биылғы оқу жылының І және ІІ тоқсандарындағы математика, жаратылыстану, информатика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері үлгерімінің нәтижесі бойынша іріктеледі.
І кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайлары ең жоғары болған 5000 оқушы республика бойынша ІІ кезеңге жолдама алады. ІІ кезеңге өткен оқушылар тізімі www.fpp.kzинтернет-ресурсында 2020 жылы 10 наурызда жарияланады.

II кезең – тікелей (20 наурыз, 2020 ж.) Екінші кезеңде компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша 1000 оқушы іріктеледі . Тестілеу еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ғимараттарында ұйымдастырылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз атанған оқушылар тізімі www.fpp.kzинтернет-ресурсында 2020 жылы 11 мамырда жарияланады.