
«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы ауыл мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Жас кемеңгер» облыстық сырттай оқу мектебінің І тур тапсырмаларын орындау мерзімі 2020 жылғы 14-ден 31-ші қазан аралығында өтетінін хабарлайды.
«Жас кемеңгер» мектебінің тапсырмалары www.ertisdaryn.kz сайтында «Біздің мектептер» блогінің «Жас кемеңгер» бөлімінде орналасқан. Қазақ тілінде оқитын оқушылар тапсырмаларды қазақ тілі, математика, жаратылыстану (5-6 сынып) және биология (7 сынып) пәндері бойынша, орыс тілінде оқитын оқушылар тапсырмаларды орыс тілі, математика, жаратылыстану (5-6 сынып) және биология (7 сынып) пәндері бойынша орындайды. 2020 жылдың 31 қазаннан кейін жіберілген жұмыстар қабылданбайды.
Ескерту: Екібастұз және Ақсу қалалары үшін – тек ауылдық жалпы білім беру мектептерінің оқушылары.
Тапсырмалар Microsoft Word, 14 шрифт, Times New Roman форматында келесі электрондық пошталарға жіберіледі:
Қазақ тілі -zhk.kazaktili@bk.ru
Орыс тілі -zhk.orystili@bk.ru
Математика қазақ тілінде - kazaksha.matematika@bk.ru
Математика орыс тілінде -zhk.matematika@bk.ru
Жаратылыстану - zhk.zharatylystanu@bk.ru
Естествознание - yestestvoznaniye@bk.ru
Биология қазақ тілінде - biologiya.kaz@bk.ru
Биология орыс тілінде - zhk.biologiya@bk.ru
«Жас кемеңгер» мектебінің оқушылар тізімі қосымша береледі (1 Қосымша).