8 (7182) 651265 8 (7182) 651210
««Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу туралы»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
28-09-2021 17:22
«Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу  туралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың белсенді, шығармашыл және талантты жастарды қолдау жөніндегі «El Úmiti» бастамасының бір бөлігі –  «Елбасы медалі» бағдарламасы  ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарлама мақсаты –  бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру және қазақстандық жастарды патриотизмге, ұлттық бірегейлікті сақтауға және үздіксіз дамуға тәрбиелеу.

Бағдарлама үш деңгейден тұрады:

  1. Қола деңгейі(14-29 жас аралығы) ұзақтығы - 6 ай;
  2. Күміс деңгейі(15-29 жас аралығы) ұзақтығы - 12 ай;
  3. Алтын деңгейі(16-29 жас аралығы) ұзақтығы - 18 ай.

Бағдарламаға қатысушылар мына бағыттар бойынша өз біліктіліктерін шыңдайды:

  • спорт және дене шынықтыру;
  • дарын мен дағды
  • кітап оқу;
  • ұлттық мұра;
  • волонтерлік.

Бағдарлама жастардың 5 бағыт бойынша жан-жақты тұлғалық дамуына, қоғам мен мемлекет өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Бағдарлама нәтижесінде Қатысушылар тиісті деңгей бойынша медальға ие болады. Ол өз кезегінде жоғары оқу орындарына түсу кезінде басымдық береді.

Қабылдау әлі де жүріп жатыр. Бағдарламаға қатысу үшін medal.elbasyacademy.kz порталы арқылы өтінім жіберу керек.