«Дарын» республикалық гылыми-практикалық орталығы Жетісу облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2025 жылғы 14-16 мамыр аралығында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауын өткізді.
Ережеге сәйкес байқау келесі бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ілияс – эпик ақын» – «Құлагер» поэмасын жұптар құрамында кезекпен жалғастыру; «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар сайысы; «Ілияс – қара сөз шебері» – көркемсөз оқу; «Сұлу сөздің сүлейі» – өлеңдерді талдау; «Заманның заңғар тұлғасы» – жазушының 1 шығармасына буктрейлер жасау.
Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың Бас жүлде иегері қатысты: Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Тлеукен Сымбат; Ақсу қ. Ю. Гагарин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тиленш Еркебулан; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсембаева Самира; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Алмасхан Ерасыл.
Республикалық шара қорытындысы бойынша «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» бағытында Ақсу қ. Ю. Гагарин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тиленш Еркебулан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Сұлу сөздің сүлейі» бағытында Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Тлеукен Сымбат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Заманның заңғар тұлғасы» бағытында облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Алмасхан Ерасыл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Ілияс – қара сөз шебері» – көркемсөз оқу бағытында құрмет грамотамен марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

