«Дарын» республикалық гылыми-практикалық орталығы Жетісу облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2025 жылғы 14-16 мамыр аралығында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауын өткізді.

Ережеге сәйкес байқау келесі бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ілияс – эпик ақын» – «Құлагер» поэмасын жұптар құрамында кезекпен жалғастыру; «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар сайысы; «Ілияс – қара сөз шебері» – көркемсөз оқу; «Сұлу сөздің сүлейі» – өлеңдерді талдау; «Заманның заңғар тұлғасы» – жазушының 1 шығармасына буктрейлер жасау.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың Бас жүлде иегері қатысты: Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Тлеукен Сымбат; Ақсу қ. Ю. Гагарин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тиленш Еркебулан; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсембаева Самира; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Алмасхан Ерасыл.

Республикалық шара қорытындысы бойынша   «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап»  бағытында   Ақсу қ. Ю. Гагарин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тиленш Еркебулан   ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 «Сұлу сөздің сүлейі» бағытында Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Тлеукен Сымбат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Заманның заңғар тұлғасы» бағытында  облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Алмасхан Ерасыл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Ілияс – қара сөз шебері» – көркемсөз оқу бағытында   құрмет грамотамен марапатталды.

 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы