Павлодар облысында 10-11 жастағы оқушылардың қабілеттерін анықтау жүйесі бойынша семинар өтті

 

«Ел үміті» бастамасы аясында елімізде 2021 жылдың қазан айынан бастап «Qabilet» қызметі іске қосылды.

Жоба мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен талантты жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру.

«Qabilet» қызметі «Дарын» өңірлік орталықтарының негізінде жүзеге асырылады. Павлодар облысында – «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының негізінде.

Өңірлік «Qabilet» қызметі 2022 жылғы 26-31 қаңтар аралығында ZOOM платформасында Павлодар облысының психологтарына арналған «Qabilet» қызметі арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және жеке әлеуетін өлшеу бағдарламасы аясында «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді.

Шара мақсаты: балалар жасындағы психологиялық даму проблемаларын талдауға жаңа тәсілдерді енгізу және 10-11 жастағы балалардың қабілеттеріне психологиялық диагностика жүргізу, балалар жасындағы психологиялық даму проблемаларын талдауға жаңа тәсілдерді зерделеу бойынша психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Семинарда «Qabilet» өңірлік қызметінің басшысы Ж.К. Абаильдинова «Qabilet» қызметінің мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып, 10-11 жас аралығындағы оқушылардың XXI ғасырдың 4 «К» (сыни тұрғыдан ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация) дағдыларын қалыптастыруға бағытталған орталық жұмысына қысқаша талдау жасады. Өз сөзінде ол «Qabilet» қызметі оқушылар мен олардың ата-аналарына бала қабілетінің деңгейін дұрыс бағалауға және оның таланттарын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар алуға тең мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

Дәріс қатысушылардың назарына «Qabilet» қызметі туралы бейнеролик, жоба сайтында тіркелу және авторизациялау нұсқаулығы ұсынылды.

Бүгінгі таңда Павлодар облысы бойынша жобада 1004 тіркелген пайдаланушы бар, олардың 585-і Qabilet онлайн платформасында тегін тестілеуден өтті. Бұл бірінші сатыдағы тесттер, онда 10-11 жас аралығындағы оқушылар онлайн форматта тегін диагностикадан https://qabilet.elbasyacademy.kz/ сілтеме бойынша өте алады.

«Qabilet» қызметі орталық психологтары Н.Т.Шаймарданова, Толеубаева Ж.Б.  10-11 жас аралығындағы оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерімен, заманауи технологиялармен және балалардың қабілеттерін психодиагностика әдістерімен таныстырды. Ж.Т. Калиева өз баяндамасында 4 «К» дағдыларын дамытудың психологиялық аспектілерін, балалардың қабілеттерін диагностикалау принциптерін ашып, қабілеттерін диагностикалауға ұсыныстар берді.

Семинардың барлық спикерлері «Qabilet» қызметі жобасы бойынша Алматы қаласында оқудан өтті.

Шараға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен аудандық білім беру ұйымдарының және мамандандырылған мектептердің 340 психологы қатысты.

Семинарға қатысушылар алынған ақпараттың өзектілігін, пайдалылығы мен жаңашылдығын және «Qabilet» қызметінің жұмысы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді

 

 

 

Абаильдинова Ж. К.,

өңірлік «Qabilet» қызметі» орталығының басшысы

Similar Posts