Павлодар қаласының Ж. Ташенев атындағы мектебінде 2023 жылғы 13 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарына арналған «Жауқазын» олимпиадасы өткізілді.

Дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек балалардың жоғары денгейдегі интеллектуалдық қабілетін айқындау, арттыру және қолдау мақсатында 2009 жылдан бастап дәстүрлі түрде жүргізілетін олимпиада өз жалғасын тапты.

Өңіріміздің 123 ұйымынан 157 тәрбиеленуші қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша келесі нәтиже көрсетті.

І дәрежелі дипломмен 13 тәрбиеленуші марапатталды.

II дәрежелі дипломға 16 тәрбиеленуші ие болды.

III дәрежелі дипломды 35 тәрбиеленуші иеленді.

Барлық қатысушыларға «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» номинациялары табысталды.

Хаттамасы

Фото


 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts