«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қазақстандағы робототехника жарыстарының ұлттық ұйымдастырушысы ретінде World Robot Olympiad – 2023 (бұдан әрі – WRO) ережелері  аясында  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында робототехникадан олимпиаданың аймақтық іріктеу кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Олимпиада «RoboMission» (негізгі), «Future Innovators» (шығармашылық), «RoboSports» және «Future Engineers» санаттарынан өтеді. Қатысушы топтардың саны шектелмейді. Әр топ http://robotics.nis.edu.kz/ сайтында жарияланған WRO – 2023 ережелерінде көрсетілгендей жас ерекшеліктеріне сәйкес тек екі оқушыдан тұрады. Қатысушыларды тіркеу жоғарыда көрсетілген сайтта 2023 жылдың 25 мамырына дейін жүргізіледі.

Бірінші орын алған топтар 2023 жылдың маусым айында жоспарланған WRO робототехникадан республикалық олимпиадаға қатысуға жіберіледі.

 

WRO робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңін

өткізу күні мен мекенжайы

 

Өткізу орны Мекенжайы
Өткізу күні: 29.05.2023ж.
1 Павлодар қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Павлодар қ., Усольск шағын ауданы, Ткачев көш., 16/2

Байланыс: Кульжин К. 87773481381

Similar Posts