«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры  «Ел Үміті» бастамасын іске асыруда, соның аясында «Qabilet» қызметі іске қосылды. «Ертіс дарыны» орталығы «Qabilet» қызметі жобасы біздің өңірде жұмысын бастағанын хабарлайды және 10-11 жастағы оқушыларды тестілеуден өтуге және төрт бағыт бойынша қабілеттерін анықтауға шақырады. Олар: сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және коллаборация. Қызмет тегін ұсынылады және әр оқушыға қолжетімді. Тестілеуден өту үшін qabilet.elbasyacademy.kz сайтта тіркеліп, жеке кабинетте тестілеуден өтуге болады.ЖСН білу және өзімен бірге қолданыстағы телефон нөмірі болуы қажет, оған сайтта тіркелгенін растайтын СМС хабарлама келеді. Тестілеуден мектепте, үйде өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, оқушылар «Ертіс дарыны» орталығына барып, тестілеуді орталықта офлайн тапсыра алады. Әрі қарай, қатысушы өз қалауы бойынша маманның кәсіби кеңесіне жазыла алады, ол тестілеу нәтижелерін дұрыс талдауға көмектеседі, қабілеттерін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар береді. Сұрақтар туындаған жағдайда «Ертіс дарыны» орталығына немесе 8 800 080 48 48 нөмірі бойынша Call орталыққа хабарласуға болады. Call орталық сағат 9.00-18.00 аралығында Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша жұмыс істейді (күн сайын), Call орталыққа қоңырау шалу тегін.   «Qabilet» қызметі туралы барлық ақпарат кейінірек «El Umiti» блогының «Qabilet» қызметі» бөлімінде орналастырылады.