«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша біліи беру оқу-әдістемелік орталығы ауылдық мектептер оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңі 2023 жылдың 3 сәуір күні Астана қаласы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін өткізілетінін туралы хабарлайды.
1-кезең екі бөлімнен тұрады: логикалық ойлау – 20 сұрақ және кеңістіктік ойлау – 20 сұрақ. Тестті орындауға жалпы 90 минут қарастырылған.
Тестілеуді өткізу үшін мектептердің компьютерлік сыныптарын дайындау бойынша жұмыс жүргізуді сұраймыз, сондай-ақ оқушылар тестілеуді тұрақты Интернет желісіне (2-қосымша) қосыла отырып, үй жағдайында (ноутбук, планшет, смартфон) өте алады.
«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасында
тестілеудің 1-кезеңінен өту бойынша нұсқаулық