«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның жұмыс жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылының ауыл мектептерінің оқушыларына «Жас кемеңгер» мектебі өз жұмысын жалғастырады. Аудан мектептерінің 5-7 сынып оқушылары «Қазақ тілі» «Ағылшын тілі», «Математика», «Жаратылыстану», «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндері бойынша оқуға шақырылады.Ескерту: Екібастұз және Ақсу қалалары үшін — тек ауылдық жалпы білім беру мектептерінің оқушылары.Оқушы тек бір пәнді таңдай алады. Мектеп жұмысы екі айналым бойынша жүргізіледі, әр айналым 2 кезеңнен тұрады.«Жас кемеңгер» мектебінің І айналым тапсырмалары және қосымша ақпарат келесі сайтта: www.еrtisdaryn.kz. «Жас кемеңгер» мектебі» бөлімінде 1 қазанда 2022 жылында орналастырылады.
Similar Posts
Ауылдық мектептеріне арналған «Myń bala» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Өтетін күні: 2023 жылғы 27 сәуір. Өтетін орны: Павлодар қаласы (М. Горький к., 120/2), Екібастұз қаласы (Энергетиков к., 54 А) Ustudy негізінде. 2023 жылдың 26-27 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ауыл мектептерінің 6-сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының II кезеңі басталады. Үш күн бойы I кезеңнің бес мың финалисті өңірлік тестілеу орталықтарының базаларында…
2-4 сынып оқушыларына арналған облыстық математикалық турнирін өткізу туралы ақпарат
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 29 ақпанда Павлодар қ. Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде (Ворушин көш., 6/2) жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 2-4 сынып оқушыларына арналған ХІ облыстық математикалық турнирін өткізеді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды жоғары деңгейлі зияткерлік сайыстарға тиімді дайындау.
Robotеk Grand Tournament
«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның жұмыс жоспарына сәйкес спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «Robotеk Grand Tournament» атты республикалық чемпионатының (бұдан әрі – Чемпионат) облыстық кезеңін Павлодар қаласы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» (Ломов көшесі, 38) негізінде 2023…
2-7-cынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсы облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Өткізу уақыты: 2022 жылғы 2 қараша. Өткізу орны: Павлодар қ. №25 жалпы орта мектебі (Майра көшесі, 49/1) Дарынды және талантты жас зерттеушілерді іріктеу мен қолдау және еліміздің зияткерлік әлеуетің қалыптастыру мақсатында жыл сайын 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізіледі. Биылғы жылы конкурстың іріктеу кезеңіне…
Ш.С. Смағұлов атындағы V математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі
12-14 маусым аралағында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің базасында ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлов атындағы математика пәні бойынша 6-7 сыныптарға арналған республикалық олимпиадасының финалы өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан 6-7 сыныптардың 156 оқушысы және Қырғызстаннан 5 оқушы қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері математиканы насихаттау, дарынды…