«Ертіс дарыны» өнірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 18 мамыр күні «Жас кемеңгер» облыстық сырттай оқу мектебінің рейтинг олимпиадасын 8 пән бойынша (ағылшын тілі, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия) өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды айқындау; оқушылардың республикалық, облыстық олимпиадаларына қатысу нәтижелілігін арттыру; күрделілік деңгейі жоғары тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы ауыл оқушыларының коммуникативтік біліктерін дамыту; оқушыларды мектеп пәндерін қызығушылықпен тереңдетіп оқуға ынталандыру.

Олимпиадаға «Жас кемеңгер» мектебінің екі тур тапсырмаларын сәтті орындаған Павлодар облысының ауыл  мектептерінің 5-7 сынып оқушылары арасынан 367 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 137 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орын – 22, ІІ-ші орын – 41, ІІІ-ші орын – 74 оқушы.

Хаттамалар

«Ертіс дарыны» өнірлік қосымша

 білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts