Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында Астана қаласында 2024 жылғы 20-22 мамырда республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада қазақ және өзге ұлт топтары арасында 5 бағыт бойынша ұйымдастырылған: «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу); «Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс); «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс); «Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу); «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

Павлодар облысынан республикалық шараға облыстық кезеңнің 7 жеңімпазы қатысты: Павлодар қ. №43 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Брусенко Валерия және Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 10-сынып оқушысы Кабдуова Адиля; Екібастұз қ. №18 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Расулова Элиза; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Берекелі Айша; Павлодар қ. №46 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Сапарғали Нұрғиса; Дарынды баларға арналған Абай ат. гимназияның 10-сынып оқушысы Амантаева Жансая және Аққулы ауданы Аққулы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Дроздова Надежда.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Бейнелеушілер» бағытында Брусенко Валерия (мұғалімі Д.С. Уныйбаева) мен Кабдуова Адиля (мұғалімі К.Б.Жумадилова) ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts