«Астана дарын» дарынды балалармен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 13-15 мамыр аралығында Астана қаласында химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларына арасында республикалық олимпиадасын өткізді.

       Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді терендетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары                                            деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.

     Олимпиадаға республикамыздың 18 аймағынан химия пәні бойынша — 48, биология пәні бойынша — 50, жалпы 98 оқушы қатысты.

     Павлодар облысы 10 оқушыдан тұратын құрама командасын олимпиадаға ұсынды. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 7 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 3 қола. Құрмет грамоталарымен екі оқушы марапатталды. Павлодар облысының оқушылары жоғары нәтижелері үшін ІІ дәрежелі дипломына және «Ең үздік олимпиадалық команда — 2024» атағына ие болды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts