Щучинск қаласында (Ақмола облысы) 2024 жылғы 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Конкурс 7 секция бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; медицина, психология, экология; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; технология және өнер. Конкурстың негізгі мақсаты — балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінен 366 жас ізденушілер білім додасында бақтарын сынады, оның ішінде Павлодар облысынан 19 оқушы 14 жобамен қатысты. Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша оқушылар 11 жүлделі орынға ие болды: І орын – 2 оқушы; ІІ орын – 5; ІІІ орын – 4, Құрмет грамотасы — 4. Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы