Павлодар облысы Баянауыл кентінде 2022 жылғы 27-30 мамыр аралығында жас зияткерлер математика, химия, биология, физика, география және информатика пәндері бойынша жүргізілген сайысқа түсті. Олимпиада көрнекті ғалым, еліміздің ғылым негізін қалаушы, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің құрметіне өткізілуде.
Шараға 26 команда құрамында республикалық білім беру ұйымдарынан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, 11 аймақтан 162 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атағын 75 оқушы иеленді, оның ішінде І орын – 12 , ІІ – 23 , ІІІ – 40.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.