Өтетін күні: 2023 жылғы 13-18 ақпан аралығы

Өтетін орны: Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған  облыстық қазақ гимназия-интернаты (Ш. Айманов көшесі, 35)

Салтанатты жабылуы: 2023 ж. 20 ақпан сағат 11.00, Естай атындағы ҚМС

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2022-2023 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдері мен тәжірибелік ептілігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысушыларды іріктеу және дайындау, еліміздің білім беру беделін арттыру.

Олимпиада 15 пән бойынша жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиаданың жұмысы «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта жүргізіледі.

Олимпиадаға облыстың 3 қаласынан, 10 ауданынан және 13 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 26 команда құрамында 635 оқушы қатысады.

Ең көп қатысушы келесі пәндерде: ағылшын тілі – 67 оқушы, Қазақстан тарихы – 63, биология – 62.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:  Павлодар қ. «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189) тел. 65-12-65.

 

 

Similar Posts