Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ғылым мен білімді кіріктіру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру мақсатында жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – ол «Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбындағы төрт бағыт бойынша оқушылардың Зерттеу конкурсы: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары».

Биылғы оқу жылының басында 915 ғылыми жоба тіркеліп, оның ішінде 428 жұмыс іріктеу кезеңіне қабылданды. Сараптаманың нәтиже бойынша  облыстық кезеңіне 252 жұмыс өтті.

Ережеге сәйкес Облыстық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері  үшін келесі кезең тіліне сәйкес бейіндеуші пәндер бойынша тестілеу өтеді.

Мұндай ауқымды  іс-шараны Павлодар қаласының жетекші жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушы құрамынан құрылған қазылар алқасы бағалайды.

 

Облыстық ғылыми жоба  конкурсының  бағдарламасы:

 

Өтетін күні: 2024 жылғы 27  қараша

Өтетін орны: Павлодар қаласы № 35 ЖОББМ (Ш. Айманов к., 37).

Тіркеу уақыты 12.00-12.30

Басталуы – 13.00

Қосымша ақпарат алу үшін:  Павлодар қ., «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО,

Мәшһур-Жүсіп, көшесі, 89, тел. 65-12-65

 

Similar Posts