«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада)  2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10:00-де – 7 сыныптарға, 12 желтоқсанда сағат 10:00-де – 8 сыныптарға қалалық/аудандық білім басқармалары және мамандандырылған мектептер  өткізетінін хабарлайды.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өтетін болады (қосымша 1).

Олимпиада өтетін кабинеттің жалпы түріндегі камерамен қамтамасыз ету, яғни ютуб-каналына бейнетрансляцияны қосу және сілтемені аудан/қала/мамандандырылған білім беру ұйымдарының ресми сайтына орналастыру қажет. Интернет үзіліп қалса, бейнежазба жалғастырылуы керек. Бейнежазба олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңі аяқталғанға дейін сақталу тиіс.

Олимпиада   тапсырмалары «Дарын» РҒПО http://ro.daryn.kz сайтында басталуына 1,5 сағат қалғанда қол жетімді болады. 11 пән бойынша 30 тест сұрақтары болады, ал «информатика» пәні компьютерге арнайы бағдарламада орындайды. Жаупты маман туралы ақпаратты 5 желтоқсан сағат 17:00-ге дейін төмендегі кесте бойынша толтырып ertis_daryn_pvl@mail.ru  «Ертіс дарыны» электрондық мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз.

Формасы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

 7-8 сынып оқушыларына арналған

 республикалық олимпиада пәндерінің тізімі

 

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

 

  1. Қазақстан тарихы
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті
  3. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі
  4. Орыс тілі мен әдебиеті
  5. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі
  6. Ағылшын тілі

Жаратылыстану-математикалық бағыт

 

  1. Математика
  2. Информатика
  3. География
  4. Физика
  5. Химия
  6. Биология

 

Similar Posts

РЖО ережесі

Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру мектебінің базасында 2024 жылғы 3 мамыр күні 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Шараға аймағымыздың 185 оқушылары қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдарына – 12, ІІ дәрежелі дипломдарына – 17, ІІІ дәрежелі дипломдарына – 45 оқушы ие болды.

Облыстық кезеңінің 12 жеңімпазы 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасына жолдама алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі