Өтетін орны: Павлодар қ. №7 орта мектебі (Жеңіс алаңы, 13).

Өткізілетін уақыты: 2024 жылғы 3-4 мамыр, сағат 10.00-де.

 

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023-2024 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.            Олимпиада екі бағыттағы пәндер бойынша өтеді:·        3 мамыр сағат 10:00-де  жаратылыстану-математикалық бағыты пәндері ·        4 мамыр сағат 10:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері.

Олимпиадаға облыстың 3 қаласынан, 8 ауданынан және 13 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 25 команда құрамында 381 оқушы қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық олимпиадаға жолдама алады.

 

 

Қосымша ақпаратты 87074982294 телефон арқылы алуға болады (Абаильдинова Жулдуз Кадыровна).

 

 

 

Similar Posts