Өткізілетін күні: 2024 жылғы 9 қазан, басталуы – 10.00-де

Өтетін орны: облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының базасында (Катаев көшесі, 63) өтеді.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы   және облыстық «Ertis» телеарнасы.

Конкурстың негізгі мақсаты — оқушылардың табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қатысушысының қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялық іс-шараларды өткізудің  маңыздылығын түсінуіне ықпал ету, оқушылардың назарын Павлодар аймағындағы экологиялық проблемаларға аудару.

Облыстық конкурсынына 8-10 сынып оқушылары 75 аудандық/қалалық кезең  жеңімпаздары қатысады.

Конкурсының бағдарламасы:

9.00 – 9.30 – қатысушыларды тіркеу

10.00 – 13.00 – конкурсты өткізу

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар облысы білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көш., 189, тел. 8(7182)656512

Similar Posts