Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында 2022 жылғы 10-15 желтоқсан аралығында «Жыл оқушысы» республикалық конкурсының қорытынды кезенің онлайн форматта өткізді.
Шараға еліміздің барлық аймақтарынан өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Ережеге сәйкес 2-ші (эссе жазу) және 3-ші (шешендік өнер) турлар портфолио тапсырған үш жас санаттағы (6-7, 8-9, 10-11 сынып) оқушылар арасында өткізілді.
Республикалық кезең қорытындысында 9 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
8-9 сынып оқушылары арасында ІІ дәрежелі диплом мен бағалы сыйлық Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 9 сынып оқушысы Қабыкен Дарынға табысталды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы