Бүгін, яғни 2024 жылғы 11 наурызда Павлодар қаласында Х Аймақтық жас математиктер турнирі басталды.
Турнир мақсаты: оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік сайыстарға тиімді дайындау.
Міндеттері: оқушылардың математика пәніне танымдық қызығушылығын ынталандыру; математикалық ауызша сөйлеуін, сыни тұрғыдан ойлауын, ұжымда жұмыс жасай алуын дамыту.
Биыл турнирге 16 командадан тұратын 7-8 сыныптардың 96 оқушысы қатысуда.
Өз командаларын Астана, Алматы қалалары, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстары және Назарбаев Зияткерлік мектебі ұсынды.
Қазылар алқасы құрамына Павлодар облысы математика пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшелері, «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің жаттықтырушылары, команда жетекшілері кірді.
Турнир екі турде өткізіледі. Бірінші тур лигаларға бөлу үшін жазбаша түрде өтеді. Екінші тур 3 кезеңде 3 күн бойы өткізіледі. Түске дейін – математика сайысының есептерін шығару, түстен кейін – математикалық сайыс. Жеңімпаз командалар екінші кезең қорытындысы бойынша анықталады.