Павлодарлық оқушылар бүкіләлемдік сайыстардан марапаттармен оралады. Біздің оқушылар мен олардың мұғалімдері тағы да жоғары дайындық деңгейін растады.
Осылайша, Қазақстанның ұлттық командасының құрамында дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің түлектері Рахимжанов Дінмұхамед, Лим Владимир физика пәні бойынша беделді халықаралық олимпиадаға (IPhO) қатысып, күміс медальдар мен «Әлемнің үздік жас физиктері» атағын жеңіп алды.
ҚР командасының құрамында химия пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың (IChO) күміс медалін Павлодар қаласының ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы Альмира Нурланова иеленді.