Республика күнін мерекелеу қарсаңында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақы 100 оқушыға 50-еселі АЕК мөлшерінде келесі 5 номинация бойынша табысталады: «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі»; «Кәсіби шеберлік» (ТжКБ ұйымдары үшін); «Шығармашылық шеберлік»; «Спорттық шеберлік»; «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет». Сыйлықақы үшінші жыл табысталуда. «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысымен қайтадан марапаттауға рұқсат берілмейді.
«Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын алуға үміткерлер: соңғы үш жылдағы облыстық, республикалық, халықаралық зияткерлік конкурстар, олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлері, облыстық, аймақаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері, республикалық, халықаралық спорттық және шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары.
Қоғамдық маңызы бар іс-әрекет жасаған білім алушыларға сыйлықақы конкурстан тыс беріледі.
Сыйлықақыны табыстау туралы облыстық конкурстық комиссия іріктеуді бес номинацияның әрқайсысы бойынша жеке өткізеді. Бір номинацияда үміткер болмаған жағдайда сыйлықақы ұсынылған номинация арасында ең көп ұпай бойынша бөлінеді.
Сыйлықақы иелері қорытынды кезең бойынша анықталады.
«Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен марапаттау және сыйлықақысын табыстау Салтанатты рәсімі облыс әкімі А. Байхановпен 2023 жылғы 23 қазанда «Қоғамдық Келісім» үйінде өткізіледі (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1) .