Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын алуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

— І кезең (аудандық, қалалық) 2024 жылғы 11-13 қыркүйек аралығында;

— ІІ кезең (облыстық) 2 қазан күні.

Конкурстың облыстық кезеңіне қатысуға үміткерлердің тізімін және қатысушылардың материалдарын (портфолиосын) көрсете отырып, сараптамалық (жұмыс) топтар отырысының шешімі Павлодар қаласы, М.Жүсіп көшесі, 189, №306 кабинет (3 қабат), мекен-жайы бойынша «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-на ұсынылсын.

Қосымша ақпаратты (7182) 65-65-12 телефоны арқылы алуға болады.

Тәуелсіздік ұланы ережесі

 

Similar Posts