2022 жылғы 24-31 мамыр аралығында қашықтықтан физика пәні бойынша ХХІІ Азиялық олимпиадасы (APhO) өтті.
Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушылары арасында өтетін физика пәні бойынша жыл сайынғы бірегей зияткерлік жарыс.
Олимпиадаға әлемнің 22-ден астам елінен өкілдер қатысты.
Олимпиада Халықаралық физикалық олимпиада ережелері бойынша өтті: бірінші тур бес сағаттық теориялық және екінші тур-практикалық.
Қазақстан Республикасының құрама командасының ішіне Павлодар қаласының № 8 мектеп-лицейінің 10,11 сынып оқушылары кезекті рет енді.
Олимпиада қорытындысы бойынша қола медаль Рахимжанов Дінмұхамед иегері иеленді, Лим Владимир, Нуртаев Даир «Құрмет грамотасымен» марапатталды (мұғалімі Билида А. Н.).