Өткізілу уақыты: 2024 жылғы 11-14 наурыз.

Өткізілу орны: Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты (Айманов к-сі, 35), Павлодар қ. №35 орта мектебі.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Турнир мақсаты:  оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік сайыстарға тиімді дайындау.

Міндеттері: оқушылардың математика пәніне танымдық қызығушылығын ынталандыру; математикалық ауызша сөйлеуін, сыни тұрғыдан ойлауын, ұжымда жұмыс жасай алуын дамыту.

Жас математиктердің турнирі – инновациялық технологиялар даму саласында дарынды тұлғаны дамыту үшін аймақтық ынтымақтастық Меморандумы аясында өткізіледі.

Турнирдің басты бөлімі – командалардың күрделі есептер бойынша өз шешімдерін баяндауы.

Барлығы турнирге 16 команда құрамында 7-8 сыныптардан 96 оқушы қатысады. Өз командаларын Астана, Алматы қалалары, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы облыстары ұсынды. Павлодар облысының мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен 3 команда және Назарбаев Зияткерлік мектебінен 2 команда қатысады.

Турнирді өткізу тәртібі

         Турнир екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең лигаларға бөлу үшін  жазбаша түрде өткізіледі. Екінші кезең 3 тур бойынша 3 күнде өткізіледі. Түске дейін – математика сайысының есептерін шығару, түстен кейін – математикалық сайыс. Жеңімпаз командалар екінші кезең қорытындысы бойынша анықталады.

Турнир бағдарламасы:

11 наурыз –  командалық кезең, екі лигаға бөліну

12 наурыз – есеп шығару, математикалық сайыс

13 наурыз – есеп шығару, математикалық сайыс

14 наурыз — есеп шығару, математикалық сайыс, турнирдің салтанатты жабылуы, қатысушылардың қайтуы.

 

Similar Posts