Өтетін орны: Екібастұз қаласы, Естай атындағы балалар музыкалық мектебі

Өткізілетін күні, уақыты: 2024 жылғы 16 мамыр сағат 10.00-13.30.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Шара мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Міндеттері:

– Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру;

– әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау;

– ғұлама еңбектерінің ел егемендігінің бастауы болғандығын көрсету;

ақынның әдеби-тарихи деректерге толы шығармалары мен фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларымен таныстыру.

Байқауға әрбір республикалық маңызы бар қалалардан, облыстардан, республикалық білім беру ұйымдарынан 4 үміткер (әр бағыт бойынша 1 оқушы)  ұсынылады. Биылғы шараға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және 13 облыстан 63 оқушы қатысады.

Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Бас жүлде мен І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады және оларға облыс білім беру басқармасының бағалы сыйлықтары табысталады.

 

Конкурс бағдарламасы

 

Бейсенбі, 16 мамыр

10.00-10.30 – конкурстың салтанатты ашылуы (Екібастұз қ. Естай ат. балалар музыкалық мектебінің мәжіліс залы)

10.30.-13.30 – байқауды бағыттар бойынша өткізу (мектеп кабинеттері)

15.00-15.45 – конкурстың жабылу салтанаты

16.00-17.30 – Мәшһүр Жүсіп кесенесіне саяхат

 

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, тел. 8-705-343-72-94

Similar Posts