«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы ҚР БҒМ 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген іс-шаралар тізбесіне енгізілген Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы Код сағаты» акциясын (бұдан әрі Акция) және «FIRST Robotics» роботехника жөніндегі ғылыми жобалардың республикалық конкурсының өтетіні туралы хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде, қолданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру.

Акция аясында а.ж. 4-10 желтоқсан аралығында барлық білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында тақырыптық сабақ (бұдан әрі – Сабақ) өткізу қажет.

Мұғалімге көмек ретінде 5-9 сыныптар (Junior) және 10-11 сыныптар (Senior) үшін күнделілігі жағынан екі деңгейлі сабақ өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленген. Әдістемелік ұсынымдар келесі сыныптар үшін:

  • интернет желісіне қосылатын компьютерлермен жабдықталған;
  • интернет желісіне қосылмайтын компьтерлермен жабдықталған;
  • компьютерлермен жабдықталмаған.

Осыған орай, іс-шараны өткізу үшін:

  • 3 желтоқсанға дейін білім беру ұйымдары Сабақты өткізуге жауапты маманды тағайындау және оның байланыстарын (ТАӘ, электрондық пошта, телефон) ertis_daryn_pvl@mail.ru «Ертіс дарыны» электронды поштасына жіберу;
  • сабақты өткізу бойынша kz сайтында ұсынылған материалдармен танысу;
  • 4-10 желтоқсан күндері барлық мектептерде 5-11 сынып оқушылары үшін Сабақ өткізу;
  • 12 желтоқсанға дейін Сабақты өткізу бойынша есеп (үлгісі қосымша жіберіледі) беру;
  • мамандандандырылған мектептерден, аудандардан, қалалардан сабақты өткізуге бекітілген жаупты педагогтар https://t.me/+Q5tWKWRqO9FkNTAy сілтемесі бойынша Telegram-каналға тіркелуі қажет.

Акцияның Ережесі мен тіркелу формасы https://hourofcode.kz/ ресми сайтында орналасқан.

Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша жауапты мамандар:

Similar Posts