Өткізу уақыты: 2023 жылғы 2 қараша.
Өткізу орны: Павлодар қ. №25 жалпы орта мектебі (Майра көшесі, 49/1)
Дарынды және талантты жас зерттеушілерді іріктеу мен қолдау және еліміздің зияткерлік әлеуетің қалыптастыру мақсатында жыл сайын 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізіледі.
Биылғы жылы конкурстың іріктеу кезеңіне 600-ден астам жұмыс тапсырылып, оның ішінде 371 жоба облыстық кезеңге өтті.
Конкурс қатысушылары математикалық теңдіктер құпияларын ашып, кристаллдардың қасиеттері мен энергия сақтау тәсілдерін зерттеп, қоршаған орта мәселелерін шешу әдістерін ұсынады. Өз жұмыстарында балалар сәндік-қолданбалы өнердің ғажайып әлемімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, тіл және әдебиетімен таныстырады, қарқынды өлкетану жұмысын жүргізеді.
Зерттеу жобалары 12 секция бойынша қорғалады: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі; математика, қолданбалы математика; физика, космос секциясы; туризм және спорт; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; химия, биология; медицина, психология, экология; информатика, робототехника, STEM инженерия; технология және өнер секциясы.
Облыстық кезеңінің женімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алады.
Конкурс бағдарламасы:
08.00-08.45 – қатысушыларды тіркеу
08.45-09.00 – қатысушыларды кабинет бойынша отырғызу
09.00-14.00 – жұмыстарды секция бойынша қорғау
14.00-15.00 – түскі ас
14.00-16.30 – бос уақыт
17.30-18.30 – конкурстың салтанатты жабылуы.
Қосымша ақпарат: Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189, тел. +77074982294