«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2024-2025 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі  өтетінін хабарлайды (бұдан әрі – Конкурс).

Ережеде көрсетілген ұйымдастыру ретіне сәйкес Конкурс келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:

Бірінші кезең – мектепшілік, білім беру ұйымдарында өткізіледі;

Екінші кезең –аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері өткізеді;

Үшінші кезең – облыстық, «Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткізеді;

Төртінші кезең – республикалық, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

Конкурстың облыстық іріктеу (экспертиза) кезеңіне қалалық/аудандық кезең жеңімпаздары жас ерекшеліктеріне сәйкес (кіші жастағы топ – 2-4 сыныптар, ересек жастағы топ – 5-7 сыныптар) 1 секцияға бір ең үздік жұмыстан келесі 12 секция бойынша қабылданады: 1 – қазақ тілі мен әдебиеті; 2 – орыс тілі мен әдебиеті; 3 – ағылшын тілі; 4 – математика, қолданбалы математика; 5 – физика, космос; 6 – туризм және спорт; 7 – тарих, өлкетану;  8 – этномәдениеттану; 9 – химия, биология; 10 – медицина, психология, экология; 11 – информатика, робототехника SNEM инженерия; 12 – технология және өнер.

            Өтетін күні мен орны туралы ақпарат қосымша беріледі.

Конкурс Ережесі  «Ертіс дарыны» сайтында www.ertisdaryn.kz  орналастырылған.

               Ескерту: Ғылыми жетекшілер саны бір жобаға бір жетекшіден аспайды.

Similar Posts