«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) облыстық кезеңінің сұранысы мен есеп нысандарын тапсыру мерзімін 2024 жылғы 20 қыркүйектен 27 қыркүйекке өзгерткені туралы хабарлайды.

Сұранысты, есеп нысандары басшының қолымен және мөрімен куәландырылған екі тілде Microsoft Excel форматында, қатысушылардың зерттеу жұмыстары (электронды нұсқасы) darynertis@gmail.com поштасына 2024 жылғы 27 қыркүйекке дейін жіберу қажет. Қатысушылардың жобаларын (қағаз нұсқасын) «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘ орталығына Машһүр Жүсіп көшесі, 189 (3 қабат, №306 кабинеті) мекен-жайы бойынша тапсыруын сұраймыз.

Similar Posts