Өткізу уақыты: 2022 жылғы 2 қараша.
Өткізу орны: Павлодар қ. №25 жалпы орта мектебі (Майра көшесі, 49/1)
Дарынды және талантты жас зерттеушілерді іріктеу мен қолдау және еліміздің зияткерлік әлеуетің қалыптастыру мақсатында жыл сайын 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізіледі.
Биылғы жылы конкурстың іріктеу кезеңіне 600-ден астам жұмыс тапсырылып, оның ішінде 315 жоба облыстық кезеңге өтті.
Конкурс қатысушылары математикалық теңдіктер құпияларын ашып, кристаллдардың қасиеттері мен энергия сақтау тәсілдерін зерттеп, қоршаған орта мәселелерін шешу әдістерін ұсынады. Өз жұмыстарында балалар сәндік-қолданбалы өнердің ғажайып әлемімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, тіл және әдебиетімен таныстырады, қарқынды өлкетану жұмысын жүргізеді.
Зерттеу жұмыстары 9 секция бойынша қорғалады: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі; математика, информатика; физика, техника; медицина, психология; тарих, өлкетану, этномәдениеттану; химия, биология; экология, валеология; робототехника.
Облыстық кезеңінің женімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алады.
Конкурс бағдарламасы:
08.00-08.45 – қатысушыларды тіркеу
08.45-09.00 – қатысушыларды кабинет бойынша отырғызу
09.00-14.00 – жұмыстар мен жобаларды секция бойынша қорғау
14.00-15.00 – түскі ас
14.00-16.30 – бос уақыт
17.30-18.30 – конкурстың салтанатты жабылуы.
Қосымша ақпарат: Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189, тел. +7705 385 1459