«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның жұмыс жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылының ауыл мектептерінің оқушыларына «Жас кемеңгер» мектебі өз жұмысын жалғастырады. Аудан мектептерінің 5-7 сынып оқушылары «Қазақ тілі» «Ағылшын тілі», «Математика», «Жаратылыстану», «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндері бойынша оқуға шақырылады.Ескерту: Екібастұз және Ақсу қалалары үшін – тек ауылдық жалпы білім беру мектептерінің оқушылары.Оқушы тек бір пәнді таңдай алады. Мектеп жұмысы екі айналым бойынша жүргізіледі, әр айналым 2 кезеңнен тұрады.«Жас кемеңгер» мектебінің І айналым тапсырмалары және қосымша ақпарат келесі сайтта: www.еrtisdaryn.kz. «Жас кемеңгер» мектебі» бөлімінде 1 қазанда 2022 жылында орналастырылады.
Similar Posts
Гуманитарлық цикл. ІІ кезең
Гуманитарлық цикл. ІІ кезең
![«Республикалық балалар оқулары» байқауын өткізу мерзімі туралы](https://ertisdaryn.kz/wp-content/uploads/2022/08/IMG-20220811-WA0051-1-768x768.jpg)
«Республикалық балалар оқулары» байқауын өткізу мерзімі туралы
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауын (ары қарай – Байқау) өтетінін хабарлайды. Республикалық байқау Қазақстанның барлық орта білім беретін мектептерінің 3-10 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Әрбір аудан/қала бойынша кемінде 50%-дан астам…
![9-11 (12) сыныптарға арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды](https://ertisdaryn.kz/wp-content/uploads/2022/04/IMG20220418152325-1-768x576.jpg)
9-11 (12) сыныптарға арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды
Бүгін, 2022 жылғы 18 сәуір күні, U-Study өңірлік тестілеу орталығының базасында 9-11 (12) сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Республикалық олимпиада жергілікті жерлерде өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, ағымдағы жылғы 18-22 сәуір аралығында «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене…
![Құрметті оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер!](https://ertisdaryn.kz/wp-content/uploads/2022/02/IMG-20220217-WA0005-768x768.jpg)
Құрметті оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер!
Құрметті оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер! Ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушыларын «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысуға шақырамыз. Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының «Birge Oqý» онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады. Ең басты шарт: оқушылар соңғы екі оқу жылында Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде білім алуы тиіс. Тіркеуден 19 ақпаннан 20 наурызға дейін…
![Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарына (сыныптары) арналған «ЖАУҚАЗЫН» олимпиадасы](https://ertisdaryn.kz/wp-content/uploads/2024/03/лого-Жауқазын.png)
Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарына (сыныптары) арналған «ЖАУҚАЗЫН» олимпиадасы
Өткізілетін күні: 2024 жылғы 9 сәуір, басталуы – 10.00-де Өтетін орны: Жұмабек Тәшенев ат. ЖОББМ (Ворушин көшесі, 6/2) Ұйымдастырушы: Павлодар облысының білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. Олимпиаданың негізгі мақсаты – интеллектуалдық қабілеті жоғары деңгейдегі, дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек балаларды айқындау және қолдау көрсету. Облыстық олимпиадаға 124…
![Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізу туралы ақпарат](https://ertisdaryn.kz/wp-content/uploads/2023/11/Эмблема-юниорская-300x155-1.jpg)
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізу туралы ақпарат
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 13-29 қараша аралығында 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізеді. Олимпиада 2 айналымнан турады: 1 айналым – теориялық. 2 айналым – практикалық.