«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурстың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік — шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру.
Шараға 5-8 сынып оқушылары жеке және 2 қатысушыдан аспайтын команда құрамында қатыса алады.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі: I кезең – аудандық (қалалық), II кезең – облыстық, III кезең – республикалық.
Облыстық кезеңге қатысу үшін аудандық, қалалық білім бөлімдері мен мамандандырылған мектептер 8 үздік жұмысты таңдайды (әр бағыт бойынша 2 жоба).
Конкурс 4 бағыт бойынша өткізіледі:
1 бағыт — «Туған өлке табиғаты» – 2 жеке жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып);
2 бағыт — «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» – 2 жеке жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып);
3 бағыт — «Үздік экологиялық бастама» – 2 қатысушыдан аспайтын 2 командалық жобамен (1 жоба — 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып);
4 бағыт — «Таза қала сізден басталады» – 2 жеке жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып).
Облыстық кезеңінің өтетін күні мен орны кейін хабарланады.
Білім беру ұйымдары басшыларының қолы қойылған ілеспе хаты мен өтінім мемлекетті тілде (Қосымша), Ехсеl-дегі электрондық нұсқасы, қатысушылардың жобалары «ProEco» конкурс» папкасына https://cloud.mail.ru/public/f179/QMrfNHtwx сілтеме бойынша 2023 жылғы 23 сәуіге дейін жүктеу қажет.
Конкурс ережелері www.ertisdaryn.kz «Ертіс дарыны» сайтында орналастырылған.