2024-2025 оку жылына арналган экологиялык тәрбие жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде Павлодар облысы білім беру баскармасының «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауын өткізеді.
Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың табиғатка қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялык іс-шараларды өткізудің маңыздылығын тусінуіне ықпал ету, Павлодар өңіріндегі экологиялық проблемаларға назар аудару болып табылады.
Байқау екі кезең бойынша өткізіледі:
1) аудандық, қалалық кезең;
2) облыстық кезең – 2024 жылғы 9 қазанда.
Конкурсты ұйымдастыру жэне өткізу ережелері «Ертіс дарыны» ОҚББОӘО-ы сайтында www.ertisdaryn.kz орналастырылған.
Мамандандырылған мектептер, аудандық және қалалық білім бөлімдері 3 үздік жұмысты іріктеп (8 сынып -1, 9 сынып-1, 10 сынып-1) облыстық кезеңге қатысу үшін жіберіледі. Өтінімді Microsoft Excel форматында және басшының қолы қойылған сканерленген нұсқа 2024 жылғы 27 кыркүйекке дейін ertis_daryn_pvl@mail.kz поштасына, келесі үлгі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

Өтетін орыны туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз.

Ұйымдастыру комитетінің байланые телефоны +7(7182) 65-65-12.

Similar Posts