Ұлы Абайдың мұрасын насихаттау мақсатында Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2022 жылғы 28 ақпанда 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауын өткізді.
Байқау онлайн форматта 2 бағыт бойынша өткізілді:
1 бағыт – «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» атты эссе жазу конкурсы;
2 бағыт – «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» атты ақындар мүшәйрасы.
Павлодар облысынан республикалық байқауға өңірлік Абай оқуларының 8 жеңімпазы мен жүлдегері және желілік мектеп — дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 4 оқушысы қатысты. «Абай әлемі» байқауының қорытындысы бойынша ақындар мүшәйрасында І дәрежелі дипломмен – Успен ауданы №3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Аскаров Есмухан; ІІ дәрежелі дипломмен – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Тулебаева Найля; Ақсу қаласы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Дорбетхан Аружан; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Аянбекұлы Жанболат; ІІІ дәрежелі дипломмен – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9 сынып оқушысы Белгібай Әмина марапатталды. Алғыс хат дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8 сынып оқушысы Күмісбек Мединаға табысталды. Эссе жазу конкурсында І дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы Нығметулла Камила; ІІ дәрежелі дипломға облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Омар Айзере және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Хабидуллаева Аружан ие болды. Алғыс хат иегерлері: Павлодар қ. №17 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Ғалымжан Айбек, Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Мухтарова Дильназ; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Жұмат Арай.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы