Алматы қаласында 2023 жылдың 13-14 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің базасында Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті.

        Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізілді.

Математикадан Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына 38 ел қатысты: Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан, Түрікменстан, АҚШ, Түркия және басқа елдер.

         «Жібек жолы» олимпиадасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және басқа елдер сияқты Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдер қатысты

Қазақстаннан осы олимпиадаға 157 оқушы қатысты, олардың барлығы «Математика» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша күміс медальді дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Роговский Владимир; қола медальді дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Ильясов Амир (мұғалімі Стадникова Л.В.) жеңіп алды.

Роговский Владимир «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасында алтын медаль иегері атанды.

Жас математиктерімізді құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

 

Similar Posts